×

Қайрат Сатыбалдының 120 миллион доллар активтері мемлекетке қайтарылды

Қаражат республикалық бюджетке жіберілді

Қайрат Сатыбалдының 120 миллион доллар активтері мемлекетке қайтарылды
Фото: gov.kz

Қайрат Сатыбалдының активтері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыға және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

«Тек биылғы желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 миллион АҚШ долларына, яғни 55,4 миллиард теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті», – делінген Антикор хабарламасында.

Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілгені айтылды.

«Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 миллиард теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.

Бұрын айтылғандай, олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіреді», – делінген хабарламада.

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқаны айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →