×

Өскемендегі қазақ мектептерінде бала сыймай жатыр - қала әкімі проблеманы қалай шешпек

Қала әкімі жергілікті зиялы қауыммен кездесті

Өскемендегі қазақ мектептерінде бала сыймай жатыр - қала әкімі проблеманы қалай шешпек
Фото: ашық дереккөзден

Өскеменде мемлекеттік тілде оқытатын мектептерді көбейту керек. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар жергілікті шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қаланың орталығында аралас, басқа тілде оқытатын мектептер бар. Олардың көбі бос, жартылай бос. Мысалы, әкімдіктің түбіндегі №38 мектепте түскі сағат 14:00-ден кейін ешкім жоқ. Неге? Өйткені, жұмыс жоқ. Неге жұмыс жоқ? Өйткені, бала жоқ. Былай қарасаңыздар, шет тілде оқытатын гимназия деген үлкен атауы бар. Бірақ оқудың сапасын салыстыратын болсақ, №38 мектептің көрсеткіштері төмен», – деді әкім.

Ол зиялы қауым өкілдерін осы мәселеге назар аударуға шақырды.

«Сондай мектептерге әкімге талап қойған сияқты неге талап қоймаймыз?! Өзге тілде оқытатын кейбір мектепті біріктіруге болады. Себебі, жартылай бос тұр. Ал бос қалған ғимаратқа аралас немесе мемлекеттік тілде оқытатын мектептер ашу керек. Ол болмаса, сол жартылай бос, өзге тілде оқытатын мектептердің ішіне қазақ сыныптарын ашу керек. Неге ашпайды? Себебі, керітартпалық, жалқаулық. Басшылар оған мән бермейді, ал жергілікті басшылар оған бас қатырғысы келмейді», – деді ол.

Әкім бұл бүгінгінің өзекті мәселелерінің бірі екенін атап өтті.

Желіде Жақсылық Омардың бұл ойын қолдап жатқандар көп. Кейбіреулер әкім сөйлеп жатқанда телефондарын шұқылап, тыңдағысы келмей отырғандардың әрекетіне де қынжылыс білдірген.

«23 ықшам ауданға мектеп керек», «Өте орынды айтылған сөз», «Соны іске асырсаңыз», «Неге 17-ші мектептің түгел орысша? Сол маңдағы 40-ші үйде тұрып баламды қазақ сыныбына бере алмаймын, не үшін басқа жақтағы мектепке апаруым керек?», «Өте дұрыс қолдаймын, айтқанына түгелдей дерлік қосыламын», «Қазақ тілді мектептерді көбейту керек», «Аралас мектептер керек жоқ», - деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
10.12.2024ж. 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →