×

Анасы болуы мүмкін әйел ДНҚ тапсырды: Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ балаға қатысты дерек пайда болды

Қазір үш келіншекке күдік басым

Анасы болуы мүмкін әйел ДНҚ тапсырды: Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ балаға қатысты дерек пайда болды
Фото: Қымбат Досжанның парақшасынан

Биологиялық ата-анасын іздеп, Қазақстанға келген бельгиялық қазақ Жәнібек ДНҚ тест тапсырды. Бұл туралы белгілі журналист Қымбат Досжан айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оның айтуынша, үш апталық зерттеу жұмыстарынан кейін Жәнібектің ата-анасы болуы мүмкін деген үш келіншек табылды.

«Біз – «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясы өз жұмысымызды білеміз.  Бірнеше мемлекеттік мекемеге хат жазып, ресми мәліметтер алдық. Ақпарат тапқан сайын оны жақсылап зерттемей, жалаулатып жариялай салуға тағы болмайды. Білесіздер ме, бұл жұмбақты шешкен сайын түйіншегі керісінше тастай түйіліп бара жатыр», – деп жазды ол.

Оның жазуынша, ресми құжаттарда жазылған келіншектің аты-жөнінің растығына күмән бар. 

«Перзентханаға жедел жәрдем арқылы келген, қабылданған, босанған, төрт күн төсегінде түнеген келіншектің жеке құжат көшірмесі әлі табылған жоқ.  Бар құжаттың қалай толтырылғанын, міне, әдейі көрсетіп отырмыз. Нәресте өмірге келгендегі мәліметті, яғни  2002 жылдың қаңтарында дәрігер  Совет  одағынан қалған «Путевой лист грузового автомобиля, Талон заказчика» деген 1983 жылы әзірленген бланкіге түсініксіз жазумен жаза салған... Қай жағынан келсек те, ресми құжаттарда жазылған келіншектің аты-жөні өтірік сияқты», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Қымбат Досжан қазір іздеу-зерттеу жұмыстарының барысын айтты.

«Үш апталық зерттеу жұмыстарынан нәтиже:

Қазір үш келіншекке күдік басым. Кеше "Бармысың, бауырым?" хабарының редакторы Әсел Асқарқызы сол 3 келіншектің бірін ДНК тест жасайтын лабораторияға ертіп барды. Енді нәтижесін күтіп отырмыз. Лабораторияға Жәнібек те барды. Испанияға қайтқан жоқ, әзірше Қазақстанда. 

Бірақ бірден айтайық, көптің тілеуі, біздің басты мақсат – сонау жерден мейірімге шөлдеп келген баланың анасын тауып беру. 

Кей әйелдің әлемін білесіздер, қиындыққа толы. Баласынан бас тартқанда басқа жол көрмей, жақыннан қолдау таппай, сондай шешімге баруға мәжбүр болған. Иә, қателескен шығар, бірақ ол да адам. Оның да құқығы бар. 

Сондықтан егер ДНК тест нәтижесі бойынша кешегі келіншек баланың туған анасы болып шықса, біз ол келіншектің фотосын әлеуметтік желіден де, эфирден де көрсетпейміз, аты-жөнін де атамаймыз. ҚҰПИЯ түрде қалады. Біз о бастан құпия болады деп уәде бердік, сол сөзімізде тұрамыз. 

Баласымен ғана танысады, табысады. Егер бұл келіншек баланың туған анасы болмай шықса, зерттеу жалғасады», – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық отбасы асырап алған қазақ бала анасын іздейтіні хабарланған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →