×

2024 жылғы орташа зейнетақы мөлшері қандай болады – Еңбек министрі жауап берді

Инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады

2024 жылғы орташа зейнетақы мөлшері қандай болады – Еңбек министрі жауап берді
Фото: primeminister.kz

2024 жылғы зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңге болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2023 жылы қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері 120 мың теңге болған еді.

Министрдің айтуынша, базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді. Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-на дейін артты.

«Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз. Инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7% болады, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Жалпы 9%-ға артты», – деді Жақыпова.

Министр зейнетақының орташа мөлшері келесі жылы шамамен 130 мың теңге болатынын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →