×

«Үшіншіге орын жоқ»: неліктен берешекті реттеу кезінде делдалға жүгінудің қажеті жоқ?

Делдалмен қалай жұмыс жүргізу керек

«Үшіншіге орын жоқ»: неліктен берешекті реттеу кезінде делдалға жүгінудің қажеті жоқ?
Назгүл Естеусизова, Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасының төрағасы

Қаржы нарығының сарапшылары 90 күннен асқан мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылардың санының артуына байланысты қазақстандықтарға берешекті реттеу, қарызды азайту немесе оны толық есептен шығару сұрақтары бойынша өз қызметтерін ұсынатын делдалдардың хабарландыруының саны артып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы қарыз алушылардың саны 905 мың болған, оның ішінде 203 мың жеке тұлға банктік сектордың клиенттері болса, ал 702 мың қарыз алушы қарызды микроқаржылық ұйымдардан алған. Бұл ретте ҚР Парламент Мәжілісінде келтірілген деректер бойынша коллекторлық агенттіктерге берілген қарыз алушылардың саны 880 мыңнан асқан, ал олардың жиынтық қарыз сомасы 325 млрд теңгеге жеткен. Түрлі себептер бойынша мұндай мерзімі өткен қарыздар қайта құрылымданбаған.

Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасының төрағасы Назгүл Естеусизованың сөзіне сүйенсек, қарыз алушылардың үлкен саны «делдалдық» деп аталатын теріс құбылыстың пайда болуына алып келген. Түрлі «қаржылық кеңесшілер», «көпжылғы жұмыс тәжірибесі бар заңгерлер» және «көмекшілер» қарыз алушыларға белгілі  сыйақы үшін кез келген қиындықтарды шешуге уәде береді. Мысалы, делдалдардың әлеуметтік желілердегі қызметтерінің жарнамасында «кез келген сомаға кредитті алуға», «проблемалық кредиттік тарихты жоюға» және тіпті «ағымдағы кредиттерді толық есептен шығаруға» көмектесеміз делінген. Мұндай «жалған кеңесшілер» шын мәнінде алаяқтар болуы мүмкін және олар ештеңе істей алмайды, ал қарыз алушы ақшасын жоғалтып, одан да көп қаржылық қиындықтарға ұшырауы мүмкін.

Н. Естеусизова ханымның пікірінше, мерзімі өткен берешегі бар кез келген қарыз алушы проблеманы шешудің ең үздік тәсілі – банктің өзімен немесе қарызы берілген коллекторлық агенттікпен байланыста болу.

«Өкінішке орай, қазіргі таңда сыйақы үшін берешекпен байланысты кез келген сұрақты шешуге көмектесуге дайынмын деген делдалдардың жарнамалары көп және қарыз алушылар оларға жүгінеді. Адамдар уақытын және ақшасын жоғалтады, ал оларға бар болғаны коллекторлық агенттікпен хабарласып, оларды ойландыратын сұрақтарды талқылау жеткілікті. Бұған қоса қарыз алушылар Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасына жүгіне алады. Біздің қызметтеріміз тегін және біз қарызбен байланысты ситуацияларды тиісті түрде шешуге тырысамыз», – деді Естеусизова ханым.

Сарапшылар 2017 жылы қабылданған коллекторлық агенттіктер туралы ағымдағы заңда коллекторлардың қызметіне қатысты сұрақтар нақты анықталғандығын, берешек сұрағын реттеудің басқа заңды тәсілдері көрсетілгендігін атап айтады. Қарыз алушылар қарызды сотқа дейінгі тәртіпте қайта құрылымдау немесе сот арқылы шешу секілді құралдар бар екендігін ескеруі тиіс.

«Коллекторлармен жұмыс істеу керек, себебі біз қарызды сотқа дейінгі реттеудің тәсілі туралы айтып отырмыз. Олай болмаған жағдайда, кредиторлар сот органдарына жүгінуге мәжбүр болады. Осылайша қарызгердің шығындары артады, себебі ол мемлекеттік баж салығын және сот арқылы реттеумен байланысты басқа шығындарды төлеуге міндетті болады. Бұл ретте қарызды бәрібір төлеуге тура келеді», –  деді Назгүл ханым.

Мұндай пікірді Алматы қ. тұрғыны Дәулет К. растайды. Ол жұмысынан айырылып, өзінің 2 тұтынушылық кредиті бойынша төлемді кестеге сәйкес өтей алмаған және коллекторлардың сұрақтарына тұрақты негізде жауап беруге мәжбүр болған. Әлеуметтік желілердің бірінде мұндай сұрақтарды шешу бойынша «сарапшының» жарнамасын көріп, оған кредитті толық өтеуге көмегі үшін 72 мың теңге алдын ала берген. Соңында «делдал» ақшаны алып жоқ болып кеткен, ал Дәулеттің қарызы әлі күнге дейін өтелмеген.

«Соншалықты аңқау болғаныма өкінемін. Біреу менің деректерім бойынша банктер мен коллекторлардың деректер базасынан қарыздарымды жояды дегенге сенгенім қате болған. Енді мен ай сайын кредиттерімді коллекторлық агенттік бекіткен жаңа кесте бойынша төлеп жатырмын. Агенттіктердің жұмысы өте маңызды және бізбен жұмыс істеу барысында икемділік танытып, жиі хабарласады. Шыдамды болып, қоңырауларына жауап беру қажет екендігін түсіну маңызды. Болашақта алаяқтардың «қармағына» түспеуге тырысамын, өз сабағымды алдым», – деп сөзін тұжырымдады Дәулет.

Коллекторлар қарызгерге көмектесуге дайын, оңтайлы өтеу тәсілдері мен мерзімін анықтауға өз септігін тигізеді. Кейбір жағдайларда қарызды сатып алумен айналысатын агенттіктер негізгі қарыз бойынша пайыздарды есептен шығара алады. Ол үшін қарыз алушы берешекпен байланысты сұрақты шешуге өзі де қызығушылық танытуы қажет екендігін Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасының төрағасы атап өтті.

«Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес берешекті өтеу сұрағын қарыз алушының өзі, банк немесе банк қарыз алушының берешегін берген коллекторлық агенттік реттеуі маңызды. Заң бойынша делдалдар бұл үдеріске қатыспайды. Біз Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы ретінде қарыз алушыларға кез келген консультациялық көмек көрсетуге, өтеу кестесін әзірлеуге дайынбыз. Нәтижесінде адамдар заманауи цифрлық әлемде қаржылық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады», – деді Назгүл ханым.

«Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» Заңды тұлғалардың қоғамдастығы 2018 жылы құрылған және коммерциялық емес ұйым болып табылады. Оның негізгі міндеті – коллекторлық қызметтердің өркениетті нарығын дамыту және коллекторлармен өзара әрекеттесу кезіндегі қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, оның ішінде мерзімі өткен берешекпен байланысты сұрақтарды сотқа дейінгі реттеу кезінде қарыз алушыларға көмек көрсету.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →