×

«Бұрын-соңды болмаған жағдай»: Леонардо Ди Каприо Қазақстанда атылып жатқан киіктер туралы пост жазды

Ди Каприо Қазақстан Үкіметін құттықтады

«Бұрын-соңды болмаған жағдай»: Леонардо Ди Каприо Қазақстанда атылып жатқан киіктер туралы пост жазды
Qaz365.kz коллажы

Голливуд актері Леонардо Ди Каприо өзінің Instagram парақшасында Қазақстан Үкіметін жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін сақтаудағы табысымен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Браконьерлермен күресуге, жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және құқық қорғау органдарына үлкен күш жұмсаған Қазақстан Үкіметін құттықтаймын!» – деп жазды актер.

2005 жылы ғана 48 мың бас болған киіктің саны қазір 1,9 миллионнан асты.

«Қазақстан билігінің табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – бірлескен күш-жігерге негізделген табиғатты қорғау саласындағы нақты табыстың жарқын мысалы», – деді Ди Каприо.

Айта кетерлігі, биылдан бастап Қазақстанда киіктерді ата бастаған еді.

Соңғы санақ бойынша, еліміздегі киік саны 2 миллионға жеткен. Батыс аймақтағы шаруалардың егістігін отап, берекесін алғаннан кейін Президент жауапты ведомствоға тиісті шешім шығаруды тапсырған. Одан бері салаға жауапты министр екі рет ауысып үлгерді.

Биыл облыс шаруаларына киіктен келген залал 8 млн теңгеге жуықтаған. Ақбөкендер 1 млн 284 мың гектар жайылым-шабындықты таптап, 5 мың гектар егінді отап кетіпті. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
10.05.2024ж. 12:30

Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді
Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →