×

Әнипа Назарбаева қазір «Кенжехан» базарына иелік ете ме – министр жауап берді

Мәжіліс кулуарында сауда министрі Арман Шаққалиев «Кенжехан» базарындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Әнипа Назарбаева қазір «Кенжехан» базарына иелік ете ме – министр жауап берді
Qaz365.kz коллажы

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Әнипа Назарбаева қазір Алматыдағы «Кенжехан» базарының иесі ме, жоқ па деген сұраққа жауап бермеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жазда «Кенжехан» базарының өкілдерімен кездескен едік. Коммуналдық тұрақ пен ол жерде контейнер орнатуға рұқсаттар заңсыз берілген деген мәселе көтерілді. Бұл мәселені ортаға салып, жергілікті атқарушы органның араласуын сұрадық. Олар бұл мәселені қарады. Тіпті келісімшарттың жоқтығына қатысты сұрақтар туындады: тұрақтарға контейнерлер орнатылып, бұл үшін ақша алынған. Бұл жерде кәсіпкерлік тәуекел және кәсіпкерлердің құқықтық білімі өте маңызды екенін көрсетеді. Контейнерді қоғамдық орынға орналастырып, сосын шығынның орнын толтыруды талап ету, бұл алаяқтарға ақша берумен бірдей», – деді министр.

Оның айтуынша, билік өкілдері базар әкімшілігімен басқа орындарға көшіру және қамтамасыз ету мәселесін талқылаған. Министр Әнипа Назарбаева әлі де осы базардың иесі ме деген сұраққа жауап бермеді.

«Базар иелеріне келетін болсақ, дәл қазір бізге базардың жағдайы, сауда орындары маңыздырақ. Әрқашан айтамыз, бұл ақпарат құқықтық реестрде бар. Әділет министрлігіне сауал қойып, иесінің кім екенін білуге болады. Бірақ біз үшін маңыздысы сауда нысанының заңды дұрыс жұмыс істеуіне мән береміз», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін депутат Нартай Сәрсенғалиев Әнипа Назарбаеваның Алматыдағы Кенжехан базарымен байланысы бар екенін айтқан еді. Депутаттың айтуынша, базар төңірегіндегілер сауда-саттық шартын жасамай, сауда орындарын 10 мың долларға сатқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →