×

Үндістанда Әбілқайыр хан туралы кітап табылды

Кітап парсы тілінде жазылған

Үндістанда Әбілқайыр хан туралы кітап табылды
Фото: gov.kz

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Үндістан қорларындағы Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты көне қолжазбалар мен архивтік деректер» атты ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Архив-2025» мемлекеттік жобасы дүниежүзі қазақтарының тарихына қатысты барлық деректерді жинауға жаңа мүмкіндіктер ашуда.

«Өткен жылы Үндістанға ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу экспедициясы өте табысты өтті. Орталықтың мамандары, ғалымдар еліміздің тарихына қатысты көптеген құнды құжаттардың көшірмесін тауып, елге жеткізді. Бұл басы ғана. Себебі Үндістан архивінде қазақ тарихына қатысты мұралар өте көп жинақталған», – деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.

Семинар барысында Қазақстандағы Үндістан елшілігі жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры Санджай Веди үнді елінің Патна кітапханасы қорынан табылған парсы тіліндегі «Тарих-и-Абул хаир хан» және «History of Mongols» кітаптарының көшірмесін тапсырды.

Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, PhD докторы Өмір Оразұлы дала элиталарына арнайы жазылған ортағасырлық түркі медициналық трактаттарының көшірмесін тапсырды. Олардың қатарында Көшім ханның жеке дәрігері болған Сұлтāн Әлӣ әл-Хурасанӣдің «Дастӯр ал-‘илāж» («Емшілік дәстүрі») атты трактаты мен шайбанилердің ханы Абдаллатифтің жеке дәрігері Мулла Мухаммад Иусуфтың «Зубдат ал-каххалин» («Көз дәрігерлерінің қаймағы») еңбегі бар. Ғалым қазақ тарихына, оның ішінде халықтық медицина саласына қатысты құнды трактаттар Үндістан Республикасының қорынан анықталып, зерттелгенін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →