×

Әуежайлардың VIP залдарында қызмет көрсетілетін адамдар тізбесі кеңейтіледі

Құжат 10 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына жарияланған

Әуежайлардың VIP залдарында қызмет көрсетілетін адамдар тізбесі кеңейтіледі
Фото: ашық дереккөздерден

Еліміздің әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі кеңейтілмек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осылайша, әуежайлардағы VIP залдардың қызметін қолданатындардың тізімі «Алтын Қыран» орденінің және «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлерімен толықтырылады.

Барлығы тізімге 46 лауазымды тұлға кіреді.

Оның ішінде:

  • Президент;
  • Премьер-министр;
  • Парламент Сенатының төрағасы;
  • Парламент Мәжілісінің төрағасы;
  • Мемлекеттік кеңесші;
  • Президент әкімшілігінің басшысы;
  • Конституциялық соттың төрағасы;
  • Жоғарғы соттың төрағасы;
  • Ұлттық банк төрағасы;
  • Орталық сайлау комиссиясының төрағасы;
  • Премьер-министрдің орынбасарлары;
  • Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
  • Бас прокурор;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Жоғарғы есеп сотының төрағасы;
  • Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың әкімдері;
  • Қазақстанның саяси партияларының жетекшілері;
  • ҚР президентінің отбасы мүшелері;
  • ҚР Президентінің жеке қонақтары;
  • Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшылары және т.б. бар.

Құжат 10 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына жарияланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →