×

Таразда есірткі сатқан екі полицей ұсталды

Таразда есірткі сатқан екі полицей ұсталды

Таразда есірткі сатқан екі полицей ұсталды
Фото: polisia.kz

Таразда екі полицей есірткі сатқан жерінен ұсталды. Синтетикалық есірткіні саудалағандарды Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің өкілдері қолға түсірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Күдіктінің бірі қалалық №2 полиция бөлімшесіне қарасты криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары екен. Майор шеніндегі тергеуші 2,8 грамм синтетикалық есірткіні 100 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталды. Ал қасындағы «сыбайлас саудагер» өзінің қол астындағы қызметкері болып шықты. Аға жедел уәкіл қызметіндегі тергеуші тіпті полиция подполковнигі екен.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен іс қозғалды. Бұл бап бойынша «лауазымды тұлғаның қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады
Бүгін, 12:14

"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады

Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты
Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →