×

Енді ҰБТ сертификатын eGov Mobile арқылы алуға болады

ҰБТ сертификатын алу жеңілдеді

Енді ҰБТ сертификатын eGov Mobile арқылы алуға болады
Фото: informburo.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Ақпараттық ұлттық технологиялар»  АҚ бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында «Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты» деп аталатын жаңа цифрлық құжатты іске қосты. Енді ҰБТ сертификатын eGov Mobile арқылы электронды түрде алуға болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҰБТ сертификаты пайдаланушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуде әр пән бойынша жинаған ұпайлары туралы ақпаратты қамтиды. Цифрлық сертификатқа Ұлттық тестілеу орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады, бұл оның деректерінің растығына және қауіпсіздігіне кепіл береді.

Қосымшада ҰБТ сертификатының бірнеше түрін алу мүмкіндігі ескерілген. Мысалы, бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда бірыңғай тестілеу балдарына ауыстыруға болатын IELTS, TOEFL халықаралық сертификаттарының балдары мен  IB, ACT, SAT, A-Level сияқты халықаралық стандартталған тестілердің нәтижесі есептеледі. Сонымен қатар, ҰБТ сертификатының ерекшелігі ақылы бөлімде оқуға немесе мемлекеттік білім беру бағдарламаларына қатысуға үміткерлерге және НЗМ  түлектеріне байланысты.

ҰБТ сертификатын алу үшін:

1. Қосымшаға кіріп, басты бетте «Сандық құжаттар» деген бөлімді таңдау;

2. Құжаттар тізімін жаңартып, сертификатты алу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ сертификатының мерзімі құжатта көрсетілген. Егер жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, онда сертификат сандық құжаттар тізімінде көрсетілмейді. Сертификат иесі оны QR код арқылы ала отырып, құжатты сұратқан тарапқа оның түпнұсқалығын тексертуіне болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →