×

«Мұндай факт бар»: Қорғаныс министрлігі әскердегі сарбаздар өлімінің негізгі себептерін атады

Қорғаныс министрлігі арнайы сараптама жасаған

«Мұндай факт бар»: Қорғаныс министрлігі әскердегі сарбаздар өлімінің негізгі себептерін атады
Фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтың айтуынша, «қоғамда не болып жатса, армияда да сол болады», деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз әскер қоғамның бөлшегі екенін бірнеше рет айттық. Қоғамда не болып жатса, ол әскерде де бар. Жасөспірімдердің өліміне жол берілмейді, бұған біз де келісеміз. Өкінішке қарай, мұндай факт бар», – дейді ол орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, Қорғаныс министрлігі арнайы сараптама жасаған. Сарбаздар өлімінің себептерін анықтауға тырысқан.

«Көбіне өлім денсаулық жағдайына байланысты болады. Екіншіден, ол жол-көлік оқиғалары. Әрине, әскерилердің өзара қақтығысы да болады, біз мұны жоққа шығармаймыз. Оларға қызметтік тексеріс жүргізіледі. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – дейді Сұлтан Қамалетдинов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →