×

Алматыда жаңа жылдық демалыс күндері автобустар қалай жүреді

Алдағы мереке күндері Алматыда қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгереді

Алматыда жаңа жылдық демалыс күндері автобустар қалай жүреді
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі жаңа жылдық демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмыс кестесі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімдік мәліметінше, жыл сайын жаңа жылдық мереке күндері Алматы қаласында жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді. Мысалы, 2022-2023 жылдары жаңа жылдық демалыс күндері Көлік холдингінің мәліметінше, жолаушылар ағыны күніне 300 мың адам, ал жұмыс күндері бұл көрсеткіш 1,5 млн адамға жетеді.

Алдағы мереке күндері Алматыда қоғамдық көлік келесі кесте бойынша жұмыс істейтін болады:

  • 2023 жылғы 30 және 31 желтоқсанда және 2024 жылғы 2 қаңтарда - штаттық режимде сағат 23:00-ге дейін, желіде жылжымалы құрамның 80 пайызы жүретін болады;
  • 2024 жылғы 1 қаңтарда жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі күтілуде, осыған байланысты автобустардың 50 пайызы желіге шығарылатын болады.

«Медеуге» дейін жүретін №12 маршрут жылжымалы құрамның 20 бірлігі желіге шыға отырып, демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 23:30-ға дейін штаттық режимде жұмыс істейтін болады. №3 түнгі маршруттың жұмысы өзгеріссіз қалады.

Алматы метрополитені демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, қозғалыс аралығы 10 минутқа дейін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →