×

Алматыда сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Компаниялар заң бұзушылыққа жол берген

Алматыда сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылы Алматыда сегіз компания тұрғын үйлер мен ғимараттарды салу кезінде көптеген заң бұзушылыққа жол бергені үшін лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсанда мәлімдеуінше, биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді.

«Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды», – делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасында.

ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

  • «АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС;
  • «ТриА Холдинг» ЖШС;
  • «Ремстрой» ЖШС;
  • «ABM Building» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • «Debo Stroy» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • «ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • «DP ENGINEERING GROUP» ЖШС (лицензияның кіші түрі).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Кеше, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →