×

«Қалай тексермей беріп жіберген»: Жәнібекті асырап алған бельгиялық әйелдің психологиялық ауытқуы болған

Жәнібектің асырап алған анасымен қазіргі қатынасы да жақсы емес екен

«Қалай тексермей беріп жіберген»: Жәнібекті асырап алған бельгиялық әйелдің психологиялық ауытқуы болған
Скриншот

Биологиялық ата-анасын іздеп Қазақстанға келген Жәнібек екі жасында асырап алған бельгиялық әйел туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мені екі жасымда бельгиялық әйел асырап алды. Біз сол жақта тұрдық. Ал мен төрт жастан асқанда асырап алған анамның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатты. Себебі, ол ертеректе күйеуінен айырылып, қайғыдан құса болып жүрген еді. Оның бойындағы күрделі психологиялық ауытқу байқалған соң, ауруханаға жатқызылды. Дәл осы себеппен мен мектеп-интернатта болдым. Тіпті, асырап алған анамды сирек көретінмін. Тек әр демалыста аз уақытқа кездесетінбіз. Төрт жыл көлемінде ауруханада жатты. Әлі күнге дейін адамдармен араласпайды. Бұрынғыдай эмоциясын қатты білдіре алмайды. Ашуланған немесе бақытты жүзін көрген емеспін. Үнемі бір қалыпты жүретін», – дейді Жәнібек «Көреміз» бағдарламасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, асырап алған анасымен қазіргі қатынасы да жақсы емес екен. 

«Екеуіміз бір-бірімізді сыйлаймыз. Алайда арамызда ана мен баланың байланысы жоқ. Бала кезімде де аналық махаббатты сезінбедім. Өйткені ол үнемі ауруханада басқа мәселелерімен жүрді. Ал мен өзім интернатта өстім. Тіпті, біздің отырып сөйлесуге де уақытымыз болмайтын», – дейді Бельгияда өскен қазақ бала. 

Желіде пікір жазушылар осындай психологиялық ауытқушылығы бар адамға баланы беріп жіберген Қазақстандағы шенеуніктерге таңданыстарын білдіріп жатыр. 

«Қазақстанда бала асыраймын десең, толыққанды отбасы болу керек дейді. Сонда жалғызбасты әйелге баланы қалай берген? Демек сатқандары анық», «Психологиялық ақау бар адамға берген мемлекеттік қызметкерлерді тексеру керек», «Маңдайың бес елі сор екен», «Осы Жәнібек сияқты қаншама балаларымыз шетелде жүр, оны қарап, жағдайын біліп жатқан басшылық жоқ. Сатқан болып тұр ғой» деген пікірлерден көз сүрінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →