Олардың орнын басқа телеарналар басады
Ресейдің жаңалық тарататын телеарналарының орнын көңіл күй көтеретін кино, музыка бағытындағы телеарналар басады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Власть» басылымының жазуынша, Қазақстаннан «Дом кино», «Музыка первого», «Первый канал СНГ», «Время», «Карусель», «Бобер», «Теле кафе», «Победа», «О!», «Поехали» арналары өшірілген. Олардың орнын «Родное кино», «Наше новое кино», «Автоплюс», «КВН», «MMA TV» сияқты телеарналар басқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Мақсат Толықбай ресейлік арналарды шектеу керек деп мәлімдеген еді.
«Осы күні көрші елдің пропагандасына тойып алған біраз отандасымыз бар. Сондықтан Қызылжар секілді өңірлерде ара-тұра ұлтараздық мәселелері туындап тұрады. Менің үйімде де рұқсатсыз ресейлік арналар қосылған. Оны көрген балаларым улануы мүмкін. Сол себепті біздің кеңістікке кіргені үшін олар ақша төлеуі тиіс. Соны саралап шектеу қою қажет», – деген Мақсат Толықбай.