×

Астанада қыздың пәтеріне қонаққа келген ер адам үйін тонап кеткен

Күдікті кінәсін мойындады

Астанада қыздың пәтеріне қонаққа келген ер адам үйін тонап кеткен
Фото: pixabay.com

Елордада 33 жастағы ер адам сүйіктісінің үйінен алтын бұйымдарды ұрлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияға 45 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, пәтерінен жалпы құны 230 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарының ұрланғанын мәлімдеді. Ол ұрлық жасаған қызының 33 жастағы досы болуы мүмкін екенін жеткізген.

Күдікті қыздың сеніміне кіріп, ата-анасы жоқ кезде пәтерге келген. Осылайша, ол сүйіктісінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, қораптағы әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрлаған заттарын ломбардқа тапсырып жібергенін айтқан.

Қазір бұл факті негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →