×

Ақтөбедегі екі жасөспірімнің өлімі: 6 адам қамауға алынды

Іс облыс прокурорының жеке бақылауында

Ақтөбедегі екі жасөспірімнің өлімі: 6 адам қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде болған жаппай төбелеске қатысқан 6 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық прокуратурада бұл қылмыстық іс облыс прокурорының жеке бақылауында екені айтылды.

Оқиға Қызылжар тұрғын алабындағы «Алмаз» дүкенінің жанында болған. Онда полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен облыс прокуратурасының басшылығы барды.

«Деректерге сүйенсек, Instagram-да А. және В. атты адамдардың арасында жанжал туындаған. Салдарынан кәмелетке толмаған В. келесі күні «Алмаз» дүкенінің жанында кездесуді ұсынған. 2 қаңтарда сағат 23:00 шамасында А. және С. атты адамдар пышақ жарақатын алған. Екеуі де есін жимастан көз жұмды. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Облыстық көпсалалы ауруханаға барлығы 4 адам жеткізілген. 2006 жылғы екі жасөспірім бірнеше жерден пышақ жарақатын алып, көз жұмды.

«2004 жылы туған ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. Оның сол жақ жауырынында жарақаты бар. Ота жасалды. Бүгін оның жағдайы – орташа ауыр. Ал 2004 жылғы тағы бір науқас сол жақ иығынан жараланды. Ол үйден емделетін болды», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Ақтөбе облысының ПД мәліметінше, жаппай төбелеске барлығы 10 адам қатысқан. Бүгінде оның алтауы қамауға алынды.

Еске салайық, Ақтөбедегі жаппай төбелестен кейін 2 жігіт көз жұмғаны хабарланған еді. Олар алдымен Instagram желісі арқылы бір-бірімен сөзге келіп, кейін кездескен. Сол кезде төбелесіп, екеуі ауруханада қайтыс болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →