×

Мобильді аударым саны бір айда 100-ден асып кетсе не болады – вице-министр жауап берді

Азамат салық төлеуші ретінде есепке тіркелуі керек

Мобильді аударым саны бір айда 100-ден асып кетсе не болады – вице-министр жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың мобильді аударымдары тексеріле бастады. Желіде бір айда 100 аударымнан асса тексереді, айыппұл салады екен деп қорқытып жатқандар көп. Осыған қатысты Үкімет отырысынан кейін баспасөз жиынында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз деректерді аламыз. Сосын оның лимиттен асып кеткенін қараймыз.   Егер азаматтың аударымы 100 аударымнан асып кетсе, біз оған тексеру жүргізіп немесе айыппұл салуға бармаймыз.  Біз мәліметтерді алғаннан кейін, аталған талаптан асып кетсе, салық органдарына хабарландыру жібереміз. Ол салық органдары хабарламаны алып, қосымша есепті берсе, ол  азамат салық төлеуші ретінде есепке тіркелуі керек. Бастысы, декларация өткізіп, есепке тіркелсе бітті. Біз қателікті өздігімен реттеп, декларация тапсыруға мүмкіндік беріп отырмыз», – деді Ержан Біржанов.

Спикер жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдарды қабылдап және жібере алатынын атап өтті. Яғни туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірге қажетті жағдайларда аударым жасай алады. Ол аударымдардың саны шектелмейді.

Қаржы вице-министрінің айтуынша, белгілі бір критерийлері бойынша үш ай қатарынан 100 төлем әртүрлі азаматтардан түссе ғана тексеріске алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →