×

ҰҚК 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті

Кісі өлтіру және бопсалау

ҰҚК 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті
Фото: ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі  тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

«Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды.

Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген комитет хабарламасында.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шаралары жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →