×

850 млрд тг: Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс сотқа жолданды

Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс сотқа жолданды

850 млрд тг: Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс сотқа жолданды
Фото: ашық дереккөздерден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір мәліметті жария етті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Қайрат Сатыбалдыға байланысты агенттік қылмыстық жолмен алынған активтерді жылыстату фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, сотқа жіберді. Сатыбалдыұлының қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті (оның ішінде шетелде сатып алған), оның ішінде шетелден алып, ақшасын Қазақстан және шетелдегі банк шоттарына салған. Сондай-ақ екінші фактіге байланысты салық төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – деді баспасөз мәжілісінде агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Бұған дейін агенттік Қайрат Сатыбалды шетелге шығарған 120 млн доллар қаражатты елге қайтарғанын хабарлаған болатын.

Ол Сатыбалдыұлынан тәркіленген барлық мүлік мемлекетке қайтарылатынын түсіндірді.

«Бүгінгі таңда жалпы сома 850 млрд теңгеден асып, мемлекетке қайтарылды», – деп түйіндеді Тілеукенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Іле ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда
Бүгін, 12:56

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Іле ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда

Мемлекетке қайтарылған қаражат тағы бір ауданның игілігіне жарады
Қазгидромет мамандары алда кейбір аймақтарға қатты ыстық түсетінін ескертті
Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →