×

«Мені кездесуге шақырды»: Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ағасы жаңа мәлімет айтты

Нүкенованың Бишімбаевпен сөйлескен жазбалары сақталмаған

«Мені кездесуге шақырды»: Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ағасы жаңа мәлімет айтты
Фото: kursiv.media

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов «Ертысбаев live» ютуб-арнасына берген сұхбатында қылмыстық іс жайында бірнеше жаңа деректерді айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы заңгер Жанна Уразбахова әлеуметтік желіде хабарлады. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғаушылық өтініштерін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі.

Қайрат Нүкеновтың сөзінше, оны Байжановтың отбасы кездесуге шақырған.

«Қуандық Бишімбаевпен қылмысқа бірге қатысқан Байжанов тергеуде Салтанаттың пульсін тексергенін, ұйықтап жатыр деп ойлағанын айтты. Қазір ол күдікті ретінде қамауға алынды. Қайғылы жағдайдан соң Байжановтың отбасы, ата-анасы, әйелі Астанада мені кездесуге шақырды. Олар Байжановтың кінәлі емес екенін, Қуандықтың ықпалында болғандықтан осындай әрекетке барғанын, тек берілген тапсырманы орындағанын айтты. Түрлі бұйрық берілуі мүмкін, бірақ өлімге қатысты бұйрықты орындап, оған көмектесу тапсырманы орындау емес, қылмысқа қатысы бар деп есептеледі. Олардың кешірім сұрайтынын, балаларын қорғайтынын білдім. Шындық ашылмайынша, ол бәрібір қылмысқа қатысы бар деп есептеледі. Жалпы ол балаларының тағдырын ойлап, шындықты айтқаны жөн», – деді Қайрат Нүкенов. 

Ол Салтанат Нүкенованың Бишімбаевпен сөйлескен жазбалары сақталмағанын айтты.

«Салтанатқа ұқсайтын екі қыздың келгені, Бишімбаевпен сөйлескен жазбалары сақталмаған. Олар неше сағат отырған, не туралы сөйлескен, соның бәрі тергелуі керек. Сол кезде бізге оқиға анық бола бастайды. Салтанатқа ұқсайтын қыз тергеу кезінде мүлде басқа нәрсе айтты. Оның қорқып отырғаны түсінікті. Адамгершілік тұрғысынан қарасақ, қылмыскердің жағында болған дұрыс емес. Сол үшін шындықты айтқаны жөн деп есептеймін. Бұл біз үшін маңызды», – деді марқұмның ағасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →