×

"Бұл бірінші жағдай емес": үстіне диван құлаған ер адамға қатысты куәгерлер жаңа деректер айтып берді

Тозығы жеткен диван бұл үйдің 6-қабатындағы ортақ балконда тұрған. Куәгерлер оған жақын жерде балаларды көргенін айтты

"Бұл бірінші жағдай емес": үстіне диван құлаған ер адамға қатысты куәгерлер жаңа деректер айтып берді

Ақтауда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап, мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған ер адамға байланысты куәгерлер оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Нұрлан Тәжібаев түскі ас ішуге үйіне бара жатқан. Алдынан қатер күтіп тұр деп ойламаса керек. Үстіне диван түскен кезде ол тротуарға құлап, есін жоғалтқан. Ал қазір мүлдем сал болып қалған. 

Тозығы жеткен диван бұл үйдің 6-қабатындағы ортақ балконда тұрған. Куәгерлер оған жақын жерде балаларды көргенін айтты.

“Куәгерлер жоғарыда бір емес, екі-үш баланың жүргенін көрген. Жиһазды лақтырып жібрген солар болуы да мүмкін. Жиһаздың иесі оның мүлкі болғанын жоққа шығармайды. Алайда сөзінше, ол екі жыл бұрын диванды дәлізге сүйреп шығарып тастаған",- деді жәбірленушінің ағасы Аман Ақын.

Пәтер тұрғыны Кизил Абдуллаеваның сөзінше, бұл үй аумағында болған бірінші қайғылы жағдай емес екен. Бұған дейін де бірнешеуі болып, жәбірленушілер қаза болған.

“Біздің үйде де бір әйелдің үстіне есік құлап, көз жұмды. Алтыншы үйде де есік лақтырып  орындықта отырған 16 жастағы қыздың үстіне түсті. Мен оған қаш десем де итін құтқарғысы келді. Бірақ өз өмірін құтқара алмады. Көз алдымда қаза тапты. Ал қазір Нұрлан өзіне келгенімен жағдайы ауыр. Жәбірленушінің мойын омыртқасы сынған”,- деп қосты Кизил.

“Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Жарақатына байланысты,
неврологиялық тапшылықтың есебінен аяқ қолы жансызданған. Полицейлер "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғады. Ал туыстары оқиғаға куә болғандарды іздейді”,- деді нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі Думан Мырзабеков.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →