×

Тік-Ток желісіне қазақ тілі қосылды

Тік Ток қосымшасындағы интерфейс тілін кез келген уақытта ауыстыруға болады

Тік-Ток желісіне қазақ тілі қосылды

Тік Тоk қосымшасына қазақ тілі қосылды, деп хабарлайды qaz365.kz ҚазАқпарат- қа сілтеме жасап. 

Тік Ток қосымшасындағы интерфейс тілін кез келген уақытта ауыстыруға болады. Ол үшін қосымшаның төменгі оң жақ бөлігіндегі «кескінді» басыңыз. Сол кезде сіздің жеке мәліметтеріңіз сақталатын парақша ашылады. Баптауға өту үшін дәл осы парақшаның оң жақ жоғары тұсындағы үш сызықпен бейнеленген белгіні басуыңыз қажет. Содан кейін «параметрлер мен құпиялылық» бөліміне өтіп, одан «тіл» деген сілтемеге кіресіз. Дәл осы жерден қазақ тілін таңдауыңызға болады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қазанында елордада Astana Media Week медиафорумы ұйымдастырылды. Осы іс-шараға қатысқан Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры және TikTok Kazakhstan компаниясының басшысы Анастасия Панина қосымшаның қазақ тіліне аударылатынын растаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →