×

Туризм бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан соңғы орындарда тұр

Туризм бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан соңғы орындарда тұр
gov.kz

Америкалық U.S. News журналы елдердің туризм бойынша рейтингін жасады. Қазақстан әлемнің 85 елі арасында 84-орында болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Зерттеуге сай есепте соңғы қатарда Иран, бірінші орында Бразилия тұр.

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында келушілер саны 3,4 млн адам болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,6 есе көп. Алайда Қазақстанға келгендер санының айтарлықтай артуы елдегі туристік кластердің жақсаруымен байланысты емес. 

Кіру туризмінің өсуін екі фактормен сипаттауға болады. Біріншіден, бұл коронавирус пандемиясы жағдайының жақсаруы және карантин шектеулерінің барлық түрінің алынып тасталуына байланысты. Екіншіден, мұндай айтарлықтай өсім мобилизация себебінен көршілес Ресейден халықтың көптеп келуіне байланысты.

Ішкі туризмге келушілер саны да (яғни ҚР бойынша) өсті: плюс жылына 25,1%, 4,9 млн адамға дейін. Соған қарамастан шығу туризмі кіру туризмінен айтарлықтай басым. 

"2022 жылдың тоғыз айында 5,6 миллион қазақстандық басқа елдерге демалуға кеткен. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2 есе көп", - дейді Energyprom.kz сарапшылары.

Ішкі туризм үшін (ел ішінде) келушілер саны да өсті: плюс жылына 25,1%, 4,9 млн адамға дейін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →