×

Непалда ұшақ апатынан қаза тапқан Ресей азаматы Қазақстанда тұрып жүрген

Непалда ұшақ апатынан қаза тапқан Ресей азаматы Қазақстанда тұрып жүрген
zakon.kz

Непалдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі Қазақстанда тұрған және жүкті болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Непалдағы ұшақ апатқа ұшыраған жерде адамдардың мәйітін іздеу жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін төрт жолаушы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Бүгінге дейін 68 мәйіт табылған және бортта барлығы 72 адам болған.

Олардың төртеуі - экипаж мүшесі. Ешкім аман қалмаған. Жолаушылардың ішінде Непал, Үндістан, Корея, Англия, Франция, Аргентина тұрғындары, сонымен бірге Ресейдің төрт азаматы болды.

Ресей азаматы Елена Бандуро кейінгі айларда Қазақстанда тұрған және ресейлік әуе компанияларының бірінде SMM-маман боп қашықтан жұмыс істеген. Ол Непалға азаматтық некедегі күйеуіне бара жатқан және жүкті болыпты. Өткен аптада ғана туыстарына бұл хабарды айтқан. Бұл туралы "Комсомольская правда" басылымына марқұмның әпкесі айтып берген.

Еске салайық, жексенбіде, 15 қаңтарда Непалда жолаушылар отырған ұшақ апатқа ұшырады. The Kathmandu Post-тың хабарлауынша, апат Похара қаласының халықаралық әуежайында болған. Ұшақ Yeti Airlines әуе компаниясына тиесілі. 

Ұшақта қазақстандықтар болмаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →