×

«Шымкент полиция басшылығы қызметтік көліктерді арендаға беріп ақша жасап отыр» - Белгілі заңгер Айгүл Орынбек

«Шымкент полиция басшылығы қызметтік көліктерді арендаға беріп ақша жасап отыр» - Белгілі заңгер Айгүл Орынбек

Шымкент полиция басшылығы қызметтік көліктерді, такси болуға арендаға беріп, ақша жасап отыр ма?

Полк қызметкерлерінен 14-қаңтар күні Шымкент Полиция департаментіне тиесілі тағы бір қызметтік “КІА” маркалы көліктің “Н 227 АЕ 136 RUS” ресейлік жалған нөмір тағып, жеке бас пайдасына пайдаланып келгені жөнінде маған хабарлама түсті! 

Айтуларынша, сол жалған нөмірмен көлік басқарған әлгі жүргізуші бүгінге дейін 500 мың теңгеден астам айыппұлға түсіп үлгеріпті! 

Оның өрескел заңсыздыққа баруына ықпал еткен КІМ? 

Жүргізушінің әр қадамын бақылап, қызметтік көліктің тиісті уақытында ГАРАЖ-ға қойылуын қадағалайтын және тиісті уақытында түгендейтін ГАРАЖ басшылығы қайда қарап отыр? ГАРАЖ-дың жұмысына тікелей жауапты Департамент бастығы Дәлбеков Түркістаннан өзімен бірге әкелген Тылды қамтамасыз ету басқармасының бастығы М.Чилтанбаев неге заңсыздық жасап отыр? Күн сайын департаментке тиесілі көліктер тексерілу керек емес пе? Бір қызығы, көлікті Өзіндік қауіпсіздік қызметі (УСБ) емес, полк қызметкерлері ұстаған! Яғни Өзіндік қауіпсіздік ұйықтап отыр немесе бұндай заңсыздыққа көз жұмып отыр!

Себебі, әлгі жалған нөмір тағып ұсталған жүргізуші 500 мың теңгеден астам айыппұлға 1-2 күнде түсіп үлгермейтіні анық! 

Бұл сонда Департамент басшылығының қанша айлар мен күндер өз мұрнының астындағы заңсыздықтарға жол беруін көрсетеді емес пе? Бұл орын алған бір ғана жайт дегенге МЕН де ХАЛЫҚ та сенбейді!

Сондықтан, Бас прокуратурадан  Шымкент полициясы ГАРАЖ-дағы техника, бензиннен бастап барлық “былықтарды” және бүкіл қызметтік көліктеріне қатысты қатаң тергеп-тексеру жүргізуді сұраймын! 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметтерін теріс пайдаланған, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланған Департамент басшылығына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексiнің 361-бабымен іс қозғау қажет деп есептеймін!

Полкта қызмет жасайтын жігіттер! Ақпарат пен сурет үшін рахмет!
Әділетті Қазақстанды осылай бірге құрамыз!

Ішкі істер министрлігі  әдеттегідей ештеңе білмейді!

 

Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →