×

Украинадағы соғыс: қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны жеті мыңнан асты

Оның 400-і балалар

Украинадағы соғыс: қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны жеті мыңнан асты
aussiedlerbote.de

Украинада соғыс басталғалы бері қаза тапқаны анықталған бейбіт тұрғын саны жеті мыңнан асты. Бұл дерек БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Masa.media-ға сілтеме жасап.

Баяндамада бұл құжатқа қатталып, қазасы расталған адамдар ғана, бірақ кескілескен шайқас болған аймақтарда (Мариуполь, Северодонецк, Лисичанск, Соледар мен Бахмут) өлгендер саны бұдан да көп болуы әбден мүмкін, ол жақтан соғыс кезінде толымды ақпарат алу мүмкін емес деп жазылған.

Ресей басқыншылығы басталған былтырғы 24 ақпаннан бастап биылғы 16 қаңтарға дейін Украинада, БҰҰ дерегінше, 7031 бейбіт тұрғын, оның ішінде 433 бала қаза тапқан. 11327 адам жараланған, оның 827-сі – бала. Марқұмдардың 90 пайыздан астамы Украина билігі бақылайтын аумақта өлген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →