×

Жетісу облысында жер сілкінді

Күші 3 баллға дейін жеткен жерасты дүмпуі тіркелді

Жетісу облысында жер сілкінді
Фото: depositphotos.com

Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта күші 3 баллға дейін жеткен жерасты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеген.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде, Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін, прокуратураны және басқа да ұйымдарды хабардар етті. Аймақтардағы жағдай нақтыланып жатыр. Қирау мен құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →