×

«Бишімбаев сот жақындаған сайын таныстарын іске қосып жатыр». Нүкенованың туыстары дабыл қақты

Ықпалын пайдаланып кеткісі келеді

«Бишімбаев сот жақындаған сайын таныстарын іске қосып жатыр». Нүкенованың туыстары дабыл қақты
коллаж Qaz365.kz

Салтанат Нүкенованың туыстары әлі күнге Салтанаттың бағалы заттары мен әшекей бұйымдарын қайтара алмай жүргендерін айтты. Бұл туралы Qaz365.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның туыстары бүгінде сараптама қорытындысымен танысуды бастап кеткен. Қаралы ағайын-туыс 11 томнан тұратын істі шамамен бір ай қарайтындарын айтады. 
Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен танысуға Астанаға арнайы келген. Марқұмның ағасының айтуынша, сот жақындаған сайын Қуандық Бишімбаев тамыр-танысының барлығын іске қосып жатқан көрінеді. 

«Қуандық Бишімбаев ең ірі министрліктің тізгінін ұстады. Әлі күнге дейін билік тармағында оның жақын достары, таныстары бары сөзсіз. Қылмыс жасалған күннен бастап Бишімбаевтар отбасы барлық мүмкіндігін пайдаланғанын білеміз. Ықпалын пайдаланып кеткісі келеді. Олар бұл ретте адам өлімін ойлап жатқан жоқ, балаларына қатаң жаза тағайындалатынын ғана уайымдауда», – дейді  Айтбек Амангелді.

Сондай-ақ марқұмның ағасы Бишімбаевтар әулетінің әлі күнге дейін Салтанаттың әшекей бұйымдары мен бағалы киімдерін бермей отырғанын айтты. Қайғылы оқиғадан кейін тергеуші Нүкеновтерді Қуандық пен Салтанаттың шаңырағына, қыздарының заттарын алып кетуге шақырыпты. Алайда Бишімбаевтардың адвокаттары кедергі жасаған. 

“Ата-анам есеңгіреп, ауруханада жатқандықтан, Салтанаттың заттарын алып кетуге мен бардым. Үйде Қуандық Бишімбаевтың анасы мен әпкесі болды. Адвокаттары алдымыздан шығып, бөгет жасауға тырысты. Ал туыстары кінәлі кейіп те танытпады. Анасы Салтанаттың заттарын жерге лақтырып, әшекей бұйымдарының бірін де бермеді. Құнды дүниелердің біразын Салтанат тұрмысқа шықпай тұрып алғанын ескерткім келеді”, – дейді марқұмның ағасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →