×

Астанада 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Мамандандырылған ауданаралық сот қаулысы шықты

Астанада 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Фото: gov.kz

Астанада құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз жүргізгені үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабы 2-бөлігі, 313-бабы 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды", – делінген хабарламада.

Атап айтқанда:

1."NAK development" ЖШС;

2."БазисДоСтрой" ЖШС;

3."КСМК-АФ" ЖШС;

4."DBK-Engineering" ЖШС;

5."Пропилон" ЖШС;

6."ANA Astana" ЖШС;

7."ППК" жобалау-құрылыс компаниясы" ЖШС;

8."X-clusive Qurylyus Group" ЖШС.

Әкімдіктің ақпаратынша, былтыр жүргізілген жоспардан тыс тексерістер аясында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 288 заңбұзушылықты анықтап, оны жоюға 247 нұсқама берді.

Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы және аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату немесе айыра отырып, 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →