×

Атырау облысында өзін өртеп жіберген 62 жастағы ер адамның жағдайы белгілі болды

Ол отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберген

Атырау облысында өзін өртеп жіберген 62 жастағы ер адамның жағдайы белгілі болды
Фото: Elements.envato.com

Дәрігерлер өзін өртеп жіберген 62 жастағы ер адамның жағдайын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.

62 жастағы ер адам 13 қаңтарда өзін өртеп жіберген.

«Ер адам Доссор кентіндегі Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында өзін өртеп жіберді. Денесінің 70 пайызын күйік шалды. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Басылым жазуынша, ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберген. 

Бүгін, 15 қаңтарда Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушінің қазіргі жағдайы туралы хабарлады.

«Жағдайы ауыр. Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр», –;деді басқарма өкілдері. 

Айта кетейік, 14 қаңтарда Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабар тарады. Оқиға 13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында болғаны айтылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →