×

Астанада ер адам танысының ақшасын онлайн казиноға салып жіберген

Оның бұрын елордада жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астанада ер адам танысының ақшасын онлайн казиноға салып жіберген
Фото: inbusiness.kz

Полицияға 59 жастағы жергілікті тұрғын арыз беріп, танысының алаяқтық жолмен 4 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырғанын айтқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, ол бейтаныс ер адаммен танысып, екеуі алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезде ол алдап, телефонын алып кеткен.

Содан кейін күдікті онлайн казино есепшотына жәбірленушінің депозитінен 2,3 млн теңгеге жуық ақша аударып жіберген.

Сондай-ақ ол тағы да бірнеше күннің ішінде қаражатты иемденіп, банктің мобильді қосымшасын пайдалана отырып, тауарлық несие рәсімдеп, жалпы сомасы 2 миллион теңгеге жуық залал келтірген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері ақша жымқырумен айналысты деген күдікпен 33 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын анықтаған.

Қылмысты жасағанын мойындаған ер адамның бұрын елордада жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →