×

Қазақстандық шенеунік Грузиядан экстрадицияланды

Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын

Қазақстандық шенеунік Грузиядан экстрадицияланды

Бүгін Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл азамат Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сыртқы істер министрлігі мен ІІМ Интерполының көмегімен ұсталды.

Ол ҚР Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері бола тұра, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті арқылы ауыр жүк көліктерінің кедергісіз өтуіне көмек көрсеткені үшін кәсіпкерлік субъектілерінен 37,5 млн теңге көлемінде пара алған деп күдіктеледі.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2023 жылдың қазан айында ол Грузияда ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

«Айып тағылып отырған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске саламыз», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
Бүгін, 16:02

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

  Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті
Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →