×

"Сіз өзіңіз нағыз мәңгүртсіз": Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге жауап берді

Екі халықтың арасына от жаққыңыз келеді

"Сіз өзіңіз нағыз мәңгүртсіз": Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге жауап берді
Коллаж Qaz365.kz

Экс-депутат Бекболат Тілеухан ресейлік журналист Тина Канделакиге жауап берді. Тұтас қазақ халқын «мәңгүрт» деп атауын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Тина Гивиевна ханым» деп видеоүндеу жасаған Бекболат Тілеухан былай дейді:

«Бұл не қылған сандырақ өзі!? Біздің блогерлер мен қарапайым қолданушылар сізге әділетті түрде орыс тілін ысырумен айналысып жатпағанымызды айтты. Біз өзіміздің туған, мемлекеттік тілімізді лайықты орнына қайтарғымыз келеді. Өткен тарихта тіліміз екінші орынға ысырылған. Бұл – бір.
Екіншіден, әр мемлекет станцияларға, көшелерге, қалаларға қандай атау беретінін өзі шешеді. Жауап ретінде сіз «мәңгүрт» туралы айта бастадыңыз. Біз атауларды өзгерту арқылы тарихты ұмытып жатыр екенбіз, сіздіңше. Бұл сауатсыз ғана емес, қауіпті айтылған сөз. Яғни қазақтардың бәріне мәңгүрт дегеніңіз бе? Егер сіз бұл сөздің мағынасын білсеңіз, қаншалықты тұтас халықты ауыр сөзбен айыптап отырғаныңызды білер едіңіз. Солтүстік Кавказда сізді мұндай сөзді айта бермеуге үйрету керек еді. Медиасаладағы адам ретінде сіз сөздің құнын білуіңіз керек еді. Сол себепті қазір жасап жатқаныңыз – саналы провакация. Сол арқылы екі халықтың арасына от жаққыңыз келеді. Ресейде онсыз да аз ғана дос қалған уақытта осындай қадамға барып отырсыз»
.

Экс-депутат ресейлік журналист тату көршілік туралы айта келе, журналистің айналып келіп бізге бұйырып сөйлеу дұрыс деп есептейтініне таңғалады. 

«Тату көршілік деген осы ма? Ресей басшылығы Батыс елдерінің басшылығына «Ресейге қалай өмір сүру керектігін үйретудің қажеті жоқ» деп бірнеше рет айтқаны есіңізде болар!? Тура сол сөзді мен де айтқым келеді. Сіздерге де», – дейді үндеуде.

Бекболат Тілеухан Ресейде де Сталиннің атауын иеленген орындар бар екенін, қазақ үшін Сталин – зұлымдықты білдіретінін айтады. Қазақ интеллигенциясына қарсы репрессиясын, қазақтың жартысының қырылуына әкеп соққан, қолдан жасалған ашаршылықты – геноцидті еске алады.

«Оны біз көтеріп отырмыз ба? Егер Ресейге керек болса, (атауларды өзгерту) өзгерте берсін. Өз үйлері, өз тарихы, идеология. Ал сіз тұтас халықты тәкаппарлықпен мәңгүрт дейсіз. Өз елімізде өзіміз қажет ететін атауларды бергеніміз үшін ғана! Ең жаманы, бүкіл қазаққа орыс атаулыны сүйкімсіз етіп жатырсыз. Менің Ресейдегі досым Максим Щевченко олай санамайды», – дейді ол.

Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге не себепті таяуда «Достық» ордені берілгенін түсінбейді. Өткен ғасырда ашаршылықтан аман қалған қазақтар өз елінде қаншама халықты бауырына басқанын еске салады. 

«Ұлтына қарамастан, біз қай халықты да қайғыда қалдырып кетудің не екенін білмейміз. Біздің халыққа «шалдарды аязға қуып жіберетін» жұрт ретінде қарасаңыз, онда нағыз мәңгүрт сіз болғаныңыз. Сіз мәңгүртсіз. Сіз тарихты білмей отырсыз. Ұялуыңыз керек», – дейді Бекболат Тілеухан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
10.12.2024ж. 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →