×

Баянның бала арманын 50 жасында екінші күйеуі орындады

Баян Алагөзова үшін кештің басты сыйы белгілі әнші Валерий Меладземен бірге өнер көрсетуі болды

Баянның бала арманын 50 жасында екінші күйеуі орындады
Ашық дереккөзден

Алматыда белгілі продюсер Баян Алагөзованың 50 жасы дүркіреп өтті. Қонақтардың арасында шоу-бизнесте танымалдардың басым көпшілігі бар. Ресейдің атақты әншісі Валерий Меладзе де осы кештен табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Негізі Валерий Меладзе Алматыға концерт қоюға келген. Күйеуі Тұрсын Алагөзов жұбайының туған күніне тосынсый жасамақ ниетпен Меладзені туған күнге келуге көндірген. 

Сонымен туған күнге келсек, "Музарттағы" Мейрамбек пен Сәкеннен бастап, жұлдыздардың біразы болды. Қыдырәлі мен Қарақат, Тамара Асар, Жанар Айжанова бастаған өнер иелері де әннен шашу шашты. Сіңлісі Бағым  Мұхитденова әпкесіне арнап ән шырқады. Баянның анасы да құдасы Тұрым Алагөзовпен бірге қосылып, кешті одан сайын қыздыра түсті.

Баян Алагөзова үшін кештің басты сыйы белгілі әнші Валерий Меладземен бірге өнер көрсетуі болды.

«Теледидардан алғаш Валерий Меладзені көргенде өзіме «Күндердің бір күнінде Меладземен ән шырқаймын» деп сөз берген едім. Сол арманым бүгін орындалды. Бұл үшін сүйіктіме ерекше алғыс айтамын. «Тойыңа не сыйлық алғың келеді?» деп сұраған еді, ойланбастан «Валерий Меладземен ән шырқағым келеді» деп жауап бердім. Ал ол қалауымды орындай алды», – деді Баян Алагөзова.

Сосын Сәкен Майғазиев пен Айқын Төлепберген екеуі Меладзенің әнін жатқа білетін болып шықты.

«Валерий Меладзе мәдениеті жоғары, көпшіл жан. Бірнеше рет көзім жетті. Бір өнерде жүрміз ғой деп, сахнаға бірнеше қонақты өзі шақырды (ешқандай мәдениетсіздік, шектен шығу болған жоқ). Кештің атмосферасы да соны сұрап тұрғандай әсер берді», – дейді Сәкен Майғазиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →