×

«Үш жыл жүруіне болады»: Қазақтарға Кореяда қашаннан бастап заңды жұмыс істеуге рұқсат береді

Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйе

«Үш жыл жүруіне болады»: Қазақтарға Кореяда қашаннан бастап заңды жұмыс істеуге рұқсат береді
kriadera.kz

Жақында Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяға барып, заңды жұмыс істеуіне рұқсат етілетіні айтылған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев ресми түрде бұл процесс қашан басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйеге енгізу бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Осы айдан бастап қазақстандықтарды аталған елге жіберуге арналған Сапар орталығын ашу жұмыстары басталды. Орталықтың негізгі міндеті – Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерге тілдік курстарды оқыту, корей тілінің тестілеуі, біліктілігін арттыру. Осы Сапар орталығы арқылы Қазақстан азаматтары үш жылға дейін жұмыс істей алады», – дейді Асқарбек Ертаев. 

Оның айтуынша, тестілеу орталығы Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ашылады. Аталған мекеменің қажетті материалдық-техникалық базасы, оқу аудиториясы бар. Заманға сай құралдармен жабдықталған. 

«Тестілеу орталығында 500-ден аса компьютер орны бар. Қазақстан азаматтарын Қонаев атындағы көпбейінді колледжінде оқыту көзделіп отыр. ОларОңтүстік Кореяға бармас бұрын осында оқытылады, Қонаевтағы колледжде білім алушылар үшін 500 орындық жатақхана да қарастырылған. Олар медициналық тексерістен өтуге міндетті болады. Ол мемлекеттік мекемеде Қонаев қаласындағы ауруханада жүргізіледі. Штат жабдықталған. Біз Оңтүстік Кореяға өз ұсыныстарымызды жолдадық. Келесі аптада олармен техникалық келіссөз жүргіземіз», – дейді комитет басшысы.

Ол осы ретте алгоритм қалай екенін айтты. Қазақстанның ұсыныстарын ол елдегі барлық мүдделі мемлекеттік органдар қарап, талдайды. Қазақстан осыдан кейін еңбек адамдарын экспорттайтын, Кореяның жүйесі тізіміне енгізіледі.

«Қазір ол жүйеде 16 ел бар. Басқа да мемлекеттер өтінім беріп жатыр. Бір жыл ішінде мәселе шешілуі керек. Мерзімін, әлбетте, Оңтүстік Корея белгілейді», – дейді Асқарбек Ертаев.  

Егер Қазақстан мен Корея келісімге келе алса,  азаматтарымыз бұл елде үш жыл жұмыс істей алады. 

Жалпы, шетелдерде 194 мың қазақстандық жұмыс істейді. Ресей Федерациясында 162 мың жұмыс адам  істеген. Польшада 13 мың қазақстандық еңбек етіпжүр екен. Оңтүстік Кореяда Қазақстаннан барған 6 мың адам, Ұлыбританияда 5 мың адам жұмыс істеп жүр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →