×

Тоқаев Парламент Мәжілісін тарату жөнінде кеңес өткізді

Тоқаев Парламент Мәжілісін тарату жөнінде кеңес өткізді
Telegram/ Aqorda

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде Парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты.

“Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек”, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Конституцияның 63 және 86-баптарына сәйкес өткізген кеңес барысында Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министр Әлихан Смайылов сөз сөйледі.

Кездесу соңында Президент барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2025 жылы жемқорлыққа қарсы жүргізген жұмысының нәтижесі
Қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады
Гүлнәр Досаеваның 2024 жылғы табысы жұбайының табысынан асып түсті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →