×

Биыл Семейде 13 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады

Семейде тағы бір көпфункционалды кешен пайда болмақ

Биыл Семейде 13 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады

Биыл Семейде 13 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Семейде тағы бір көпфункционалды кешен пайда болмақ. Кешенді «Локомотив» стадионының аумағында салу ойластырылуда. Бұдан бөлек «Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ  басшысы Руслан Сақтағанов Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында тұрғын үй секторында да құрылыс қарқынын белсенді дамыту жалғасып жатқандығын атап өтті.

-    2023 жылы 21 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды және жобалар ауыспалы болып табылады. Сондықтан құрылыс әлі де жалғасуда. Салынып жатқан үйлерді 3 тоқсанда пайдалануға беру жоспарланған. Жиырма бір үйдің ішінде 1 352 пәтер болады деп есептелінген. Барлық пәтерлердің жалпы ауданы 82 мың шаршы метр, – деді Руслан Сақтағанов.

Сондай-ақ, бөлім басшысы Семейде тұрғын үйлерден басқа мектептер де салынып жатқандығын жеткізді.

-    2024 жылдың тоқсанында 712 пәтерге арналған 13 көппәтерлі тұрғын үй құрылысын бастау жоспарлануда. Құрылыс негізінен қаладағы ең белсенді дамып келе жатқан Қарағайлы шағын ауданында жүргізіледі. Сонымен қатар, 1 300 орындық мектептің құрылысы басталды. Водный кентінде тағы бір мектеп салынуда, бұдан басқа ағымдағы жылы Ақсай, Шығыс кенттерінде және Қарағайлы шағын ауданында тағы үш білім беру мекемесінің құрылысы басталады. 2023 жылы Семей қаласының әкімдігі мен «Қазминералс-Демеу» корпоративтік қоры арасындағы келісім бойынша Заря шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы басталды, – деп толықтырды Руслан Сақтағанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →