×

Ресейсіз Қазақстан ұзаққа бармайды - Азамат Әбілдаев

"Мен Украинадағы арнайы әскери операцияны, Путинді қолдаймын дедім, оныкі дұрыс"

Ресейсіз Қазақстан ұзаққа бармайды - Азамат Әбілдаев
фото: ашық дереккөзден

Ресейсіз Қазақстан ұзаққа бармайды. Бұл туралы экс-депутат Азамат Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі  ulysmedia.kz telegram парақшасына сілтеме жасап. 

Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдаған Азамат Әбілдаев  Мәжілістен, “Ақ жол” партиясынан шығарылған еді. Ол sputnik.kz сайтына берген сұхбатында ол көзқарасын тағы айқындай түсті. 


«Мен Украинадағы арнайы әскери операцияны, Путинді қолдаймын дедім, оныкі дұрыс. Мен бұны саналы түрде айттым. Ойлана алатын адамдардың бәрі не болып жатқанын біледі. Егер ұлтшылдарға ерік берсең, олар соғысқа апарып соқтықтырады.
Ресейсіз Қазақстан ұзаққа бармайды. Егер ОДКБ болмаса, бұл күнде бізбен бірге Қырғызстан, Өзбекстан араб әлемі секілді өртеніп жатар еді. Бізге кім көмектесер еді. Ұлтшылдар өзінен басқаның бәрін жек көреді. Қазақстан – көпұлтты ел. Артынша не? Ізінше азаматтық соғыс болады. Украинада да осылай басталған. Олар да бәрі оңай болады деп ойлады: бір русофоб қыртып жүр деді. Ары қарай майдан болды», - деген сұхбатында Әбілдаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада ақылды бейнебақылау жүйесі Sergek-дрондары сынақтан өткізіле бастады
27.06.2025ж. 11:57

Астанада ақылды бейнебақылау жүйесі Sergek-дрондары сынақтан өткізіле бастады

Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт
Оның пәтерінен қояндармен бірге оның өлексесі де табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →