12 мың адам жұмысынан айырылуы мүмкін
Әлемдік алпауыт GOOGLE компаниясы қызметкерлерін жаппай қысқартып жатыр. Бұл туралы Google компаниясында қызмет ететін қазақстандық Арман Өтемұратов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Арман Өтемұратовтың айтуынша, 12 мың адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Бүгінгі таңда АҚШ-тағы қызметкерлері қызметінен кететіні не кетпейтіні туралы хабарламаларды алып қойған. Жақын арада өзге елдердегі қызметкерлеріне де хабарбарлама жіберіледі. Арман Өтемұратовтың өзіне де.
"Алайда жұмыстан шыққан қызметкерлерге өтемақы төленетін болды. 16 аптаның ақшасы және әрбір жұмыс істеген жылға 2 аптаның ақшасы беріледі. Мысалы, 3 жыл жұмыс істеген болса шамамен 5-6 айдың айлығы төленеді", - деді Арман Өтемұратов.
Ал мұндай қызқарту дағдарыспен байланысты. Оның айтуынша, компанияның эконмикалық жағдайы тұрақты емес. Өйткені пандемия кезінде акциялар өсіп, инвесторларды көбірек тартып көптеген жұмысшылар алған. Ал COVID-19 аяқталған соң инвесторлар кете бастаған және компанияның әлеуеті әлсіреген. Сондықтан қызметкерлерді қысқартып компанияны оңтайландыру мақсатында осындай қадамға барып отыр.