×

Түркістан облысында он бес жасар қызды алып қашып, беташар өткізген

Алып қашушылар Жетісай ауданынан болып шықты

Түркістан облысында он бес жасар қызды алып қашып, беташар өткізген
Фото: Немолчи.kz

Түркістан облысында он бес жасар қызды белгісіз біреулер алып қашып, беташар өткізген. Бұл туралы Немолчи.kz қорының жетекшісі Дина Таңсәрі  мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz  

Оның айтуынша, қыздың әкесі некеге өз келісімін бермегенін айтып, полицияға арызданған. Қыздың анасы алып қашқан азаматтардан қалың мал есебінде  600 мың теңге сомасында қаражат алған. 

 

“2022 жылдың қараша немесе желтоқсан айында менің он бес жасар қызымды Жетісай ауданына алып  қашып, ауылда беташар өткізген. Бұл туралы қызымның анасынан білдім. Қызымды кімдер алып қашқаны маған беймәлім. Мен некеге тұруға келісімімді бермедім, жақында болған оқиға туралы 2022 жылдың 30 желтоқсанында әлеуметтік желілерден білдім және қызымның анасына қоңырау шалдым (телефон арқылы аудио жазба бар). Онымен бірге тұрмаймыз, осы уақытқа дейін қызымды асырау үшін алимент төлеп келдім. Менің қызымды кім ұрлап, оған мәжбүрлі түрде үйленгені маған белгісіз, әлеуметтік желілерден бірнеше фотосуреттер ғана бар. Адам ұрлау ҚР Қылмыстық Кодексi 125-бапта көрсетілген. Сонымен қатар, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады және ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабында көзделген.
Бұл жағдайда қалыңдықты ұлттық дәстүр бойынша ұрлау қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығаратын жағдай емес, өйткені Мен өз келісімімді бермедім. Сондықтан қылмыс жасау фактісі расталады.
Сондай-ақ, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа қатысты, "азаматтық" некеге тұру себебінен қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығаратын жағдай емес, өйткені ол қайтадан некеге тұруға келісімін бермеді және бермейді өйткені менің қызым тек 15 жасқа толды және өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Сондықтан қылмыс жасау фактісі де расталады.  Менің қызымды ұрлап әкеткен және оған мәжбүрлі түрде үйленген адамды анықтап, белгіленген жауапкершілікке тартуды сұраймын”, - деді қыздың әкесі.

 

Дереккөз: Немолчи.kz, Dina Tansari

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →