×

"15 жастағы қыздың зорланғанын өзіміз анықтадық": қала прокуроры істі өз бақылауына алды

Заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, қала прокуроры істі өз бақылауына алып, Абай ауданының прокурорына тапсырма берген

"15 жастағы қыздың зорланғанын өзіміз анықтадық": қала прокуроры істі өз бақылауына алды
Youtube / Tvotyrar

Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, қала прокуроры істі өз бақылауына алып, Абай ауданының прокурорына тапсырма берген.

“Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов 15 жасар жоғалған қыздың ісін өз бақылауына алды! Кеше қаланың прокуроры шақырып, бүкіл уәждерімізді тыңдап, істі өз бақылауына алып, Абай ауданының прокурорына тапсырма берді. Бүгін Абай ауданының прокуроры Роман Беркович бізді қабылдап, іске қатысты бүкіл заңсыз жасалған іс -әрекеттер тергеп-тексерілетінін айтты. Заң бәрімізге ортақ! Әділетті Қазақстанды құру үшін қайтпай күресе білу керек!” – деп жазды заңгер.

Естеріңізде болса, 30 желтоқсан күні Шымкент қаласының тұрғыны кәмілетке толмаған қызының жоғалғаны туралы шағымданғанғанын жазған едік. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған қызды 7 күннен соң, темір жол вокзалынан тапты. Қыздың айтуынша, үйден қашып кетуіне анасының ұрып-соғуы себеп болған.

Алайда Айгүл Орынбектің айтуынша, құзырлы орган қызметкерлері табылған қыздың зорланғанын жасырып қалған. Заңгер аталған оқиғаға байланысты үлкен заңбұзушылық орын алып жатқанын және бұл іске ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың да араласуын сұраған еді.

Сондай-ақ, қыздың анасы қала прокуратурасы екі аптадан бері арызының қарастырылмай жатқанын айтып, Президенттен көмек сұрағанын жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →