×

Ауғанстанда жарты ай ішінде 160-тан астам адам аяздан үсіп өлген

Кей аймақта ауа температурасы 34 градусқа дейін төмендеген

Ауғанстанда жарты ай ішінде 160-тан астам адам аяздан үсіп өлген
REUTERS

Ауғанстанда 160-тан астам адам және 70 мың үй жануары аязда үсіп өлген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Кей аймақта ауа температурасы 34 градусқа дейін төмендеген. Биыл Ауғанстанда көп жылда алғаш рет ызғарлы қыс болып тұр.

2021 жылы Ауғанстан билігін басып алған "Талибан" үкіметінің мәліметінше, елде 10-26 қаңтар аралығында 162 адам аязда үсіп өлген. Бірнеше күн бұрын тәліптер шамамен 70 мың үй жануары өлгенін де хабарлаған.

Тәліптер үкіметінің мәліметінше, қаза болғандардың басым бөлігі – медициналық көмекке қолы жетпейтін малшылар мен ауыл тұрғындары. Қалың қардан қазір Ауғанстанның көп ауданының орталықпен арасында байланыс үзілген: шенеуніктер "таудағы жолдармен жүру мүмкін емес – көліктер кептеліп, жолаушылар жолда үсіп өліп жатыр" дейді.

Олар азаматтарға әскери тікұшақ жібергенімен, әуе техникалары таулы аудандарға қона алмай қайтқан. Ауғанстан астанасының тұрғындары өздеріне "әлі күнге дейін ешқандай көмек берілмегенін", нан мен отын жетпей жатқанын айтты. Кейбірі жылыну үшін пластик жаққан.

Елде гуманитарлық ұйымдардың көбі әйелдерге үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салатын "Талибан" жарлығынан кейін қызметін тоқтатқан.

Ауғанстанға сапарында БҰҰ төтенше көмек жөніндегі үйлестірушісі Мартин Гриффитс ұйым осы тыйымның күшін жоюға күш салатынын айтты. Гриффитстің айтуынша, елде 28 млн азамат көмекке зәру, 6 млн адам "аштық алдында" тұр.

  • 2021 жылы билікке келген тәліптер әйелдердің құқығын сақтайтынын айтқанымен, шектеулер енгізе бастады. Радикал қозғалыс өкілдері қыз-келіншектің білім алу құқығын шектеп, олардың спортпен айналысуына тыйым салған, тележүргізушілерді хиджаб киюге міндеттеген.
  • 2022 жылы желтоқсанда тәліптер үкіметіндегі экономика министрлігі әйелдерге үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салған, себебі, тәліптердің түсіндіруінше, олар шариғатқа сай дресс-кодты ұстанбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Бүгін, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →