×

Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бүгін Ораза айттың бірінші күні

Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, халыққа жылы лебізін жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Өз құттықтауында президент Ораза айт мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі екенін еске салды. 

"Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән береді, рухани тазаруға ұмтылады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсетеді. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі.
Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді.

Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Айт қабыл болсын, ағайын!", - деп жазылған Тоқаевтың құттықтауында. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Кеше, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →