×

«Салтанат бір күні өзін өлтіріп тастай ма деп қорқатын»: кезекті куәгер сотта көрген-білгенін айтты

Ол Салтанатпен 2023 жылдың жазында кездескен

«Салтанат бір күні өзін өлтіріп тастай ма деп қорқатын»: кезекті куәгер сотта көрген-білгенін айтты
Фото: Jogargy_sot

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың көмекшісі болған Анар Тасова куәгер ретінде жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көмекшісінің айтуынша, ол Салтанатпен 2023 жылдың жазында кездескен. Ол оның мойнында, қолында көгерген іздер болғанын байқаған.

«Оның мойнында жіптің ізі болды, сол жақ қолы, білегі көгеріп тұрды. Біздің бірге түскен фотосуретіміз де бар. Көрініп тұр», - деді куәгер сотта.

Куәгер Салтанаттың соққыға жығылғанын білегі ашық көйлек киген кезінде көргенін айтады.

«Мен қолдарымда көгерген жерді көрдім, олар өте үлкен күлгін түсті, өте қорқынышты еді. Шыдай алмай, дәретханаға барып бірнеше рет жылап алдым», - дейді куәгер.

Салтанат ассистентке отбасылық өмірде үнемі жанжалдар бар екенін, Бишімбаев оны үнемі бақылап, «ұрып-соғып» жатқанын айтып, бұл туралы ешкімге айтпауын өтінген.

«17 шілдеде Салтанат маған қоңырау шалды, ол оны үнемі ұрып-соғатынын айтты. Тіпті бір күні өлтіріп тастай ма деп қорқатынын жасырмады. Себебі, 24/7 бақылаудан басқа, бұл оны соғатын да», - деді марқұмның көмекшісі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →