×

«VIP кабинкадан скотч табылды»: Бишімбаевтың сотында адам шошырлық тағы бір дерек көрсетілді

Сотта саусақ іздерінің нәтижесі оқылды

«VIP кабинкадан скотч табылды»: Бишімбаевтың сотында адам шошырлық тағы бір дерек көрсетілді
Фото: Jogargy_sot

Астанада бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Іс материалдарын зерделеу аясында жаңа мән-жайлар анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заңгер Назкен Құсайынова №1 VIP кабинкадан табылған заттарға жүргізілген саусақ іздерінің нәтижесін оқыды. Атап айтқанда, ол жерден скотч табылды. Қуандық Бишімбаевтан жауап алу кезінде айыптаушы тарап скотчқа қатысты сұрақ қойды. Ал Бишімбаев оны көрмегенін және қолын тигізбегенін «мүмкін жұмысшылар тастап кеткен шығар» деп түсіндірді.

Бірақ сараптама скотч қиындыларында Бишімбаевтың өзінің де, Байжановтың да саусақ іздері түскенін көрсетті.

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы бірнеше күнннен бері өтіп жатыр. Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы «Гастро-орталық»  директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес
Бүгін, 10:56

Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес

«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →