×

«Офицер сарбаздың атынан несие алған» – 19 жастағы Алмас Шахимовтың өліміне қатысты тың деректер жарияланды

«Офицер сарбаздың атынан несие алған» – 19 жастағы Алмас Шахимовтың өліміне қатысты тың деректер жарияланды
Фото:inbusiness.kz

Былтыр 9 тамыз күні Алматыдағы «Ұлттық ұланның» 5571 әскери бөлімнің 19 жастағы сарбазы Алмас Шахимовтың өліміне қатысты мәліметтер табылды, деп хабарлайды qaz365.kz  Сарбаз әскерде жүрген кезінде офицеріне өзінің атынан несие алғаны белгілі болды. Бұл туралы «Еуразия» арнасының «Koremiz» бағдарламасында айтылды.

Бұған дейін әскерилер сарбаз Алмас Шахимов полигонда құмды дауылдың салдарынан қаза тапқан деген болатын. Бірақ медициналық тексеріс нәтижесінде, марқұм сарбаздың денесінен 3 пышақ және 23 дене жарақаты анықталған.

«Ұлттық ұланның» сарбазы 19 жастағы Алмас Шахимов Отан алдындағы борышын Алматыда  төрт-ақ ай өтейді. 4 айдан кейін үйіне суыт хабар келеді. Алмас Шахимов әскер қатарында жүрген кезінде офицері Алмастың атынан несие алады», – деді «Koremiz» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Руслан Өтепбай

Бұған дейін марқұм сарбаздың әжесі «Немеремді өлтіріп, табытқа салып алып кетті » деп әскерде тәртіптің жоқтығын айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада ақылды бейнебақылау жүйесі Sergek-дрондары сынақтан өткізіле бастады
27.06.2025ж. 11:57

Астанада ақылды бейнебақылау жүйесі Sergek-дрондары сынақтан өткізіле бастады

Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт
Оның пәтерінен қояндармен бірге оның өлексесі де табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →