×

Қазақ профессоры әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

Профессор «Болашақ» бағдарламасы аясында Жапонияда «Нанотехнология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті

Қазақ профессоры әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді
Фото: gov.kz

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің  профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі gov.kz-ке сілтеме жасап.

Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастырды. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтері: ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынады. 

Сәрсенбек Монтаев соңғы жылдары БҚАТУ-да жұмыс істеп жатыр, қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы болып табылады.

Профессор «Болашақ» бағдарламасы аясында Жапонияда «Нанотехнология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →