×

“Емін-еркін жүр”: Бишімбаевтың сот процесіне тағы бір ресейлік блогер келді

Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді

“Емін-еркін жүр”: Бишімбаевтың сот процесіне тағы бір ресейлік блогер келді
AQOSlive

Бишімбаевтың сот процесіне тағы бір ресейлік блогер келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жолы келген Наталья Грейс есімді ресейлік блогердің YouTube арнасында 956 мың жазылушы бар бар. Ол өз елінде блогер, психолог әрі танымал коуч.

Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді.

— Менің байқауымша, сотталушы бұл қылмысты аффект әсері жағдайында жасаған. БАҚ заңы бойынша, 1000-нан астам адамның барлығы БАҚ. Ал менік YouTube арнамда миллион адам бар, - дейді  Наталья Грейс AQOSLive-қа берген сұхбатында.

Сот процесі туралы сұрағанда, ол өзінің шығарылымын кез келген жағдайда жасайтынын, ал Салтанаттың ағасы Айтбектің “сот процесінде коммерциялық мүддесі барын” айтады.

— Мен еш сылтау айтпаймын, процеске екінші рет келудің мен үшін еш керегі жоқ. Мен бәрін көрдім әрі бұл шығарылымды бәрібір жасаймын. Мен көрген барлық заңбұзушылықтар туралы, жұртшылықтың қысымы, менің көзқарасым бойынша да… Айтбек бұл тақырыпта коммерциялық тұрғыдан мүдделік танытады, ол осы оқиғадан мүмкіндігінше көбірек плып қалуғ тырысады. Өйткені коммерциялық негізде өте көп адамдар хайп деп аталатын нәрсемен айналысады, - деді Наталья Грейс.

Сонымен қатар, блогерден сұрақ барысында Қазақстан аумағында журналистік қызмет жүргізуге рұқсат алды ма деп сұрады, оған ол былай жауап берді:

— Қазақстан Республикасының аумағында мен сыртқы істер министрлігінде тіркелмедім, бірақ бұл маған азамат ретінде заңды іс-әрекеттер шегінде бүкіл әлем бойынша жүргізіліп жатқан ашық ақпарат көздерінде ақпарат жинауға кедергі келтірмейді, иә, біз бәрін түсірдік, - деді Наталья.

Qaz365.kz редакциясы ресейлік блогерлердің неге басымдыққа ие екенін және сот залына емін-еркін кіріп жүргенін білгісі келедң. Сұрақ ҚР СІМ-ге жолданады. Неге Қазақстанның БАҚ өкілдері жеке бөлмеде отырып, барлығын трансляция арқылы  көріп отырғанда ресейлік блогерлер кезек-кезек сот залына кіріп жүр?

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →